Научно - Информационный портал



  Меню
  


Смотрите также:


 Главная   »  
страница 1 ... страница 14 | страница 15 | страница 16 страница 17

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
Annotation

An urgency of the theme is the necessity of organization an effective managing of small and medium businesses, its development in the Republic of Kazakhstan, formation of entrepreneurship`s management mechanism according to regional and local conditions of country development.


Аннотация

Актуальность темы обосновывается объективной необходимостью организации эффективного управления малым и средним бизнесом, его развитием в Республике Казахстан, разработкой механизма управления предпринимательской деятельностью соответствующей региональным, локальным условиям развития страны.


Ел экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне және шағын бизнестің дами бастауына байланысты ғылыми әдебиетке “шағын бизенс”, “шағын кәсіпорын”, “шағын бизнес кәсіпкерлері”, “шағын бизнес және кәсіпкерлік” және т.б сияқты ұғымдар ене бастады.

“Бизнес” термині ағылшын тілінен шыққан, ол іс, қызмет деген мағынаны білдіреді.

XXI ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады. Оның рөлі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алады. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған мәселеге толық талдау қажет.

Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті “өсу үстіндегі бала” деп қарау орын алған. Жеке жағдайда “шағын бизнес-бұл өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналысуы қажет”.

Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей ең алдымен капитал тезірек айналатын салаларда, атап айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфляциямен басталды, бұл пайыз өсімінің күрт өсуіне және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жойылуына әкелді, бұл өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық қызметінің заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды [3].

Осы уақытта қалыптасқан экономикалық жағдай кәсіпкерлік қызметке деген ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.

Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі дамуы жағдайын,да ірі компаниялар айбынының ғылыми-техникалық революцияның болуының шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түрлерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар “күн” астындағы орын үшін тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр.

Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі ғылыми-зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындар ірі компаниялардың осындай шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.

Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.

АҚШ-тың сатып алу федералды басқармасының ақпараты бойынша, 50-ші жылдардың ортасынан 70-ші жылдардың ортасына дейін шағын фирмалар (жұмысшылар саны 1000 адамнан аз) әр түрлі жаңалық енгізулердің жартысынан көбін енгізген. Жаңалық енгізулердің төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100 адамдық фирмаларға келеді. Атап айтқанда шағын компания “Apple” жеке компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін оларды негізгі өндірушілердің біріне айналды .

Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуде айтарлықтай рөлі бар. АҚШ-та соңғы он жылда жаңа жұмыс орындарының 60% 20 адамнан аз жұмыскерлер бар компанияларға келеді. 80 жылдардың басында жұмыссыздықтың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары қысқаруының орнын толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал деп қарады. Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтер тарапынан шағын бизнеске әр түрлі көмек көрсетіледі.

Шағын және орта бизнестің болуы және де ірі компаниялардың (монополияның) мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін мыңдаған әр түрлі деталдар қажет етіледі. Олардың өндірісіне концерндермен келісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орташа фирмалар маманданады. Электротехника, автомобиль және басқа салалардың кейбір ірі монополияларында 20-30 мыңға дейін шағын компаниялар жұмыс істейді. Атап көрсету керек, шағын және орташа фирмалардың басым көпшілігі ірі компаниялармен келісім қатынастары арқасында жұмыс істейді. Францияда, мысалы, шағын және орташа кәсіпорындардың 40 %-і ірі монополиялармен байланысты. АҚШ-та осындай келісім шарттар жүйесімен 400 мың шамасында немесе 25% шағын кәсіпорындар қамтылған, оларда 4,5 млн. адам жұмыспен қамтылған. Жапонияда да осындай жағдай.

Шағын бизнес кәсіпорнын ашу ісі аз мөлшерде капиталды қажет етеді. өте жиі жағдайда өз ісін өндірістен шығып қалған немесе жұмыс таба алмағандар ашады.

80 жылдардың басында шағын кәсіпорындар иелерінің тек өз жанұяларындағы адамдарының еңбектерін қолдануы Жапониядағы барлық жұмыспен қамтылғандардың 32 %, Италияда 29%, Францияда 21 % құрады.

Монополистік емес фирмалар жаңа салалар қатарында, әсіресе ақпарат кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір нығайтады. ҒТП негізінде іскер қызметтер (электронды есептеу машинасы базасында ақпаратты өңдеу, бағдарламаны қамтамасыз ету, инженеринг, кеңес беру бизнесі және осы тәріздес) спектрі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың айтарлықтай жинақталуын қажет етпейді және шағын компания шеңберінде де табысты жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету саласында 3700 фирмалар жұмыс істейді, олардың көпшілігі (70% шамасында) жұмыскерлер саны 10 адамнан аз компаниялардан құралған.

Егер қорытындылауға келсек, шағын және орта бизнестің рөлі төменде көрсетілген алты функциялардан көрінеді [1].

Біріншіден, шағын өндіріс ірі кәсіпорын алыптарына қарағанда нарық конъюктурасының өзгерісін икемді сезінеді.

Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан осы ресурстар пайдаланылмаған болар еді.

Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады, бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды.

Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рөл атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді.

Бесіншіден, атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық жаңалықтардың 50% келеді (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, “Палороид” типті фотоаппараттар).

Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартуда орнын таптырмас рөлі бар. Ауыр дағдарыс кездері халық осыннан жұмыс тауып және өздерінің қабілеттерін жүзеге асырады.

Кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, өтпелі экономикада мемлекет , ережеге сәйкес, тек жаңа басталған сауда кәсіпкерлігін көтермеледі, бұл өндіріс сферасында қызметті тиімсіз қылды.

Өтпелі экономика үшін нарықтың инфрақұрылымының дамымағандығы тән, бұл шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейді және тежеуде.

Қазақстан Республикасындағы 1998 жылға дейін тоқтамаған өндірістің құлдырауы, инфляциялық процестер кезіндегі бағалардың өсуі тұрғындардың номиналды табыстарының өсуін анық басып озды, бұл өндіріс саласында оның ішінде шағын бизнес негізінде кәсіпкерлік қызметтің дамуын айтарлықтай тежеді [2].

70-80 жылдардағы дамыған елдердегі болған кәсіпкерлік “бум” ғалымдар мен тәжірибешілердің шағын бизнеске қатысты бұрынғы көзқарастарынан-шағын кәсіпорындар өмір сүруге жарамсыз, сондықтан олар не жойылуы керек, не ең ірі компанияларға қайта құрылуы керек, бас тартуына мәжбүр еткізді.

Нақты көрсеткіштер көрсеткендей соңғы он жылдықта (1980-2000 жылдар бойынша) олардың саны екі есеге артты, олардың санының саудада, қызмет көрсету саласында дамуымен қатар, шағын кәсіпорындардың экономикалық мынадай прогресивті салаларында-электроника, биотехнология, ақпараттық қызметтер-айтарлықтай рөлі бар.

Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін қажетті жағдайлар:



  • еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;

  • оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыптастыру, яғни жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар);

  • бағдарламада ғылыми-техникалық прогрестің басымдық бағыттарында шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;

  • шағын бизнесті ұйымдастыруда елдің әр түрлі аймақтарында (облыс орталықтарында) шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты рөлде болуы керек;

  • ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсірісі сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан Республикасы Президентінің “Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы” 1997 жылдың 6 наурызындағы қаулысының үлкен рөлі бар.

Құжат өзінің мазмұны бойынша өтпелі экономика жағдайында шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.


ӘДЕБИЕТ

  1. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 ж бағдарламасы. // Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Актілер жинағы. 2003-№49, 10-11 бет.

  2. Мейірбеков Б.Қ. Қазақстандағы шағын бизнес: проблемалар мен мәселелер. //Хабаршы Қазақ Ұлттық инженерлік академия 2004-№1, 164-169 бет

  3. Сәбден О, Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару-Алматы: Білім, 2002ж.

  4. Райхан Н. Шағын кәсіпкерлік: Бүгіні мен ертеңі.//Ақиқат-1999-№2, 15-19 бет.

  5. Райхан Н.Шағын кәсіпкерлік: кеше мен бүгін.//Ақиқат-2005-№5, 44-47б

Подписано в печать 15.03.2011.

Бумага «SvetoCopy». Формат бумаги 210 х 297 х 1/80

Печать – RISO

Заказ № 745. Обложка – Colotech 220 д/м2, формат А4

Усл. печ. л. 10,88

Тираж 43 экз.
Отпечатано в типографии Кокшетауского университета

имени Абая Мырзахметова (020000, Республика Казахстан,



Акмолинская область, г. Кокшетау, ул. М. Ауэзова, 189а)



страница 1 ... страница 14 | страница 15 | страница 16 страница 17

Смотрите также: